Арымның таза екенін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Арымның таза екенін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арымның таза екенін,
Жаныма жалау етемін.
Қаулаған өрттей өсекті,
Бықсытып басып кетемін.
Тас атып жүрген дұшпанның,
Ас атып қолын кесемін.
Ұяты өртеп өзегін,
Өкінер дұшпан, сеземін.
Азарсыз жан ем ешкімге,
Қалайша болсың безерім.
Сабыр бер, тағдыр, қуат бер,
Бәріне енді төземін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері