Өз бағымды берер ем – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өз бағымды берер ем» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адамға тән жақсылықтың барлығын,
Беріп маған, берсе әлемнің жарлығын.
Ең алдымен мұңын мұңдап, мұқтажын
Өтер едім кемтар менен жарлының.
Бар адамды бірдей етіп теңер ем,
Жетпегенге өз бағымды берер ем.
Өшер болса өшсін елмен шырағым,
Биіктесе биіктесін керегем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері