Бұл бетте «Көкжендет» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2024
- 0
- 0
- 1234
Көкжендет көк аспанды тілгілеген,
Аңыз бар салса алтайы ілді деген.
Қайырып қансонарда қалықтатқан,
Ақандай қайда шіркін бұлбұл өлең.
Көкжендет, болат топшы, мұзды балақ,
Сүрен сап шүйлігіпсің құзды қарап.
Пау-паулап жерде сері жем беріпті,
Әр алған алтайыңа жүзді балап.
72
73
Көкжендет, көп к
өрдім деп қызығыңды,
Қоштасып қимай Ақан жүзі мұңды.
Сыпырып еркіндікке жіберіпті,
Томаға топшы таймас жүзігіңді.
Көкжендет, тұғырың алтын маржан баулы,
Деп Ақан тербеткенде орман, тауды.
Иеңді іздеп сен де шарладың ба?
Алатау, Алтай, Арқа, Атырауды?
Аң қаңғып ақбас таудың құздарынан,
Егесіз мертіктің бе дүз тағынан.
Кеудеңді тасқа соғып өлдің бе әлде,
Кеудеңді боран желпіп, мұз қарыған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі