Аман-сау, достым, жүрсің бе? – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Аман-сау, достым, жүрсің бе?» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аман-сау, достым, жүрсің бе?
Қолыңды берші, күрсінбе.
Қағусыз кеткен қарабет
Қадіріңді сенің білсін бе?
Қан жылап қайран жүрегің,
Өртеді намыс білемін.
Сарғайған күн жеп қағаздай,
Қалыпты семіп іреңің.
Жалының қайда кешегі?
Үмітің неге өшеді?
Опасыз сайқал опық жер,
Деме оны өмір кешеді.
«Ар-намыс өртеп өзекті,
Қаңқу сөз жанды мезі етті»,
Дейсің-ау, досым, дейсің-ау,
Бәрі де бәрі кезекті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері