Ұлыма
Бұл бетте «Ұлыма» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2024
- 0
- 0
- 1369
Қиын да болса қияға,
Қыран боп, ұлым, қарағын.
Өлексе жиған ұяда,
Құзғындар қанша, қарағым.
Шексіз ғып шарлар көгіңді,
Ортаймай ойлан тереңнен.
Қор етпе есіл өмірді,
Еліріп қарап төбеңнен.
Уланба, байлық, мансапқа,
Сарқырар, бір сәт тартылар.
Абырой сақта, ар сақта,
Жұлдызың болып жарқырар.
Бақытсыз көрсең шошыма,
Қолыңнан келсе жәрдем ет.
Сенімін артқан досыңа,
Қиындық түссе бар да жет.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі