Заманының жырын жырлай алмаса – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Заманының жырын жырлай алмаса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Заманының жырын жырлай алмаса,
Заманының мұңын мұңдай алмаса.
Ақиқаттың алауы боп жанбаса,
Жанарынан қанды жасы тамбаса,
Ақындық та далбаса!
Арыстандай айбаттана алмаса,
Жолбарыстай қайраттана алмаса,
Жағаласқан жауына ойран салмаса,
Халқы үшін құрбандыққа бармаса,
Батырлық та далбаса!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері