Шырқыраған көкіректе жан барда – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шырқыраған көкіректе жан барда» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шырқыраған көкіректе жан барда,
Бұрқыраған жүрегімде қан барда.
Қырға шықсам керемет деп таңданба,
Құлап жатсам құрыды деп алданба.
Құлағанға болар деме құсалы,
Құлап тұру – тіршіліктің нышаны.
Құламайтын, жыламайтын жандарды,
Құшып жатыр қара жердің құшағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері