Көп дегенім болса да – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Көп дегенім болса да» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көп дегенім болса да,
Дөп дегенім болмады.
Бақыт шіркін қонса да,
Көңіл шіркін толмады.
Құр қиялмен, құрығыр,
Қиырларды шарладым.
Сүйтіп жаны, сыры бір,
Өлеңді де алдадым.
Көрмегенді көңілдің,
Көзіменен көріп кеп.
Тас жүрегін өмірдің,
Қалай ақын ерітпек.
Ойсыз тыныш жатуға,
Тағы төзім жете ме?
Таң атып, күн батуда,
Өстіп өмір өте ме?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері