Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер
Бұл бетте «Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2024
- 0
- 0
- 1027
Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер,
Мені бірақ ренжіте көрмеңдер.
Ақын жаны сәл нәзіктеу келеді,
Жай-жай сөйлеп, жай қолыңды сермеңдер.
Сен де, қалқам, сызданба да, зілденбе,
Зілденерсің бір еңбегің сіңгенде.
Көргенім жоқ ешбіріңнің сәуеңді,
Ешбіріңнің ықтағам жоқ іргеңде.
Қаяу салып кетер болсаң көңілге,
Мен иілмен, иілгенмен темір де.
Сүт ірісе іркіт болар, ал іркіт,
Қайтып сүтке айналмайды өмірде.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі