Көз салдың ба, өткен күн, өтер күнге – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Көз салдың ба, өткен күн, өтер күнге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көз салдың ба, өткен күн, өтер күнге,
Көппен бірге ауырлық көтердің бе?
Бақыттымын дейсің-ау, бірақ-бірақ...
Жалғыз сенің бақытың жетер кімге?
Желпінесің кеудеңді желге тосып,
Желпінгеннің – желі бар, тұрмын шошып.
Желпінбей-ақ әкеңдей жүр ғой жандар,
Пана еткен кеудесін елге тосып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері