Қонған бақты білмедің
Бұл бетте «Қонған бақты білмедің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қонған бақты білмедің,
Білдің бастан ұшқанын.
Достарыңды күндедің,
Дос көрінді дұшпаның.
Әруақ тұтар төрлерде,
Аяқ жимай көсіліп.
Аза тұтар жерлерде,
Азбан боп ең есіріп.
Ас атқанға тас атып,
Теуіп кетіп табағын.
Қой дегенге қысасып,
Қасқыр болып қарадың.
Еппен шыққан биіктен,
Енді, міне домалап.
Өзің тапқан күйіктен,
Күйрегенің обал-ақ.
«Бекер екен ісіну,
Болдым, – дейсің, – жазалы».
Бірақ кештеу түсіну –
Азаптың ең азабы!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі