Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал,
Әр жанның өз қуаныш, ермегі бар.
Қолында біреулердің билік, жарлық,
Қолыңда біреулердің шөлмегі бар.
Жасырып жүрегіне нала-мұңын,
Жесір де отын үрлер жанарының.
Қарттар да қайраттанып қалады екен,
Еске алып өтіп кеткен балалығын.
Көрмедім бұл жалғаннан суынғанды,
Балқытар балдай өмір буындарды.
Осындай құштарлықтан шығар бәлкім,
Адамның адам болып туылмағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері