Болса да адам үшін бақыт көрік – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Болса да адам үшін бақыт көрік» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

Болса да адам үшін бақыт көрік,
Ширадым қайғы дәмін татып көріп.
Қатқан тоң қабат-қабат кеудемдегі,
Жанымның жылуымен жатыпты еріп.
Қайта сол сабақ болып сүрінгенім,
Көзім де ашылғандай бүгін менің.
Бәрі есте, бүгілгенім, түнілгенім,
Бәрі есте, жігерлене жүгіргенім.
Жазмышын көріп келем пешененің,
Сырт көзден сыр сақтасам, кеш, өлеңім.
Үзілген үмітімді жалғау үшін,
Жоқты да бардай кейде еселедім.
Тамырын тағдырымның басайыншы,
Мен де оған бір балгерлік жасайыншы.
Сырқатын сылып тастап «қырсық» атты,
Қабағын қарс жапқан ашайыншы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері