Апта, айлар,тоқтамас зымыраған – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Апта, айлар,тоқтамас зымыраған» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған,
Бірге зырлап барады ғұмыр-адам.
Елес беріп бейнесі келешектің,
Естіліп тұр келешек жыры маған.
Ашылмаған әлемде сыр қала ма?
Жаңалықсыз жалпақ ел құр қала ма?
Сыбырлаған сыбыры бір қаланың,
Естіліп тұр сол сәтте бір қалаға.
Айдан келіп жатырмыз, Айға барып,
Айға барған бұрын-соң қайда халық?
Отынсыз-ақ үй-жайды жылытамыз,
Күн шуағын бұл кезде пайдаланып.
Пайдаланып жатырмыз жоқтан-барды,
Шығарамыз – керек пе, оттан қарды?
Қуантқанмен барлығы, қайғым да бар,
Қайғым – бомба, мылтықтың оқталғаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері