Егесерге ер керек – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Егесерге ер керек» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Егесерге ер керек,
Тұлпарларға тер керек.
Төрт түлікке тебіндер,
Түкті кілем жер керек.
Айдынында ай жүзген,
Аққу, қазға көл керек.
Ақ селеулі далаға,
Ақ жауын мен сел керек.
Ақын, сері, салдарға,
Жел беретін ел керек.
Малдыларға жал керек,
Малсыздарға мал керек.
Бәрін айт та бірін айт,
Бәрімізге жан керек,
Бәрінен де ар керек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері