Бұл бетте «Тыншымады көңілім, тыншымады» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тыншымады көңілім тыншымады,
Тыншымастан қай жаққа құлшынады?
Бірде күндей жап-жарық, бірде түндей,
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы.
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы,
Жүрегімнен бір мұңлы үн шығады.
Көмейіме кептелген көздің жасы,
Қосарлана о да тұр ыршығалы.
Сапарымның білемін сәттісін де,
Өмірімнің білемін тәттісін де.
Құшағына көмілдім күнәһардың,
Құшағымда тұншықты пәк мүсін де.
Жанға тыным сонда да болар емес,
Қыран-арман қолыма қонар емес.
Бақытсыз да емеспін, бағасыз да,
Бірақ, бірақ көңілім толар емес.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі