Аулақ жүр менен, аулақ жүр, арамза болсаң аразбын
Бұл бетте «Аулақ жүр менен, аулақ жүр, арамза болсаң аразбын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2024
- 0
- 0
- 1066
Аулақ жүр менен, аулақ жүр, арамза болсаң аразбын,
Сусыным қанған сырына сырғыған сендей сабаздың.
Жылуын тосқан жатқа да жазықсыз қайран жүрегім,
Сызылып қалған бетіндей болыпты әппақ қағаздың.
Мысықтай болып майысып, тұрысында да гәп бар-ау,
Түп-түгел ішкі сарайың, пәтшағар, бірақ қап-қара-ау?!
Сырыңды біліп сыртыңнан айналып кетсем қалмайсың,
Сөйлесіп тұрған сенімен мені де тәңір атқан-ау!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі