Күліп тұрған дүние жылап қалып
Бұл бетте «Күліп тұрған дүние жылап қалып» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.01.2024
- 0
- 0
- 1033
Күліп тұрған дүние жылап қалып,
Асқақтаған арманым құлап қалып.
Көріне алмай көзіне көптің енді,
Отырдым мен жылыстап жырақ барып.
Жыртық-жыртық жүректен жыр ақтарып,
Көк тас болып қатқан шер көмейдегі,
Тарқатылды жанардан бұлақтанып.
Ашылғандай күн көзі, ашылғандай,
Сіркіреген жаңбыр ма жасым мынау.
Шүкіршілік етпестен өткен іске,
Берекемді несіне қашырдым-ау.
Басылдым-ау, әп-сәтте басылдым-ау,
Күйректікке құрығыр көп беріліп,
Ағарып та кетіпті шашым мынау.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі