Бөліссек те теңдіктің правосын
Бұл бетте «Бөліссек те теңдіктің правосын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бөліссек те теңдіктің правосын,
Әдебінен ата-ана мұра қалсын.
Мұра қалсын, ұрпаққа ұнағасын,
Ері алдында әйелі иба сақтап,
Сынықтықпен сыйласын қыз ағасын.
Қастерлеген әз халқым қара көзің,
Айға, Күнге балапты, қарашы өзің!
Қыз алдында батырлар тізе бүгіп,
Аттап ешкім кетпеген ана сөзін.
Әдебінен ата-ана мұра қалсын,
Мұра қалсын, ұрпаққа ұнағасын.
Еркелесің, сыйласын, қыз ағасын,
Еріне әйел есіліп жібектей боп,
Пайдалансын орнымен правосын.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі