Көз алдымнан дидарын кетер емес
Бұл бетте «Көз алдымнан дидарын кетер емес» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.01.2024
- 0
- 0
- 2015
Көз алдымнан дидарын кетер емес,
Бір өзіңе ешбір жан жетер емес.
Тұсау жіптей десе де ғұмыр қысқа,
Сенсіз бірақ күндерім өтер емес.
Айдай болған айналдым маңдайыңнан,
Балдай болған айналдым таңдайыңнан.
Өзің түгіл сөзінді сағындырдың,
Сағыныштан салайын сарғайып ән.
Сағыныштың сарғайтқан саздарында,
Саған айтар бар шығар наздарым да.
Сен де мендей елжіреп ет-жүрегің,
Сен де мендей, білмедім, маздадың ба?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі