Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің,
Арман ғой енді бәрі де.
Көзіңнен ұшқан сәуленің,
Нұрлысы-ай, шіркін, әлі де.
Сүзіліп сырттай сұқтанып,
Қараймыз құлын мүсінге.
Қаншама жанды құштар ғып,
Арман боп кеттің ішінде?
Жарқырап айдай қабағың,
Уылжып, тұнып тұрсың-ау.
Мәрмардей бұғақ, тамағың,
Жырсың-ау, жеңгей, жырсың-ау.
Ең алғаш сүйіп маңдайдан,
Аймалап сипап шашыңды.
Болды екен, шіркін, қандай жан,
Маздатқан махаббатыңды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері