Мені сендей ешбір жан ұға алмайды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мені сендей ешбір жан ұға алмайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мені сендей ешбір жан ұға алмайды,
Көңілімнен ұқса да шыға алмайды.
Бірін-бірі қаяусыз сүйген жандар,
Бірін-бірі көре алмай тұра алмайды.
Жаным сүйген, Ай, Күнім,
Айта берем қайбірін.
Зарын маған тарттырдың,
Сағыныш пен қайғының.
Көз алдымда дидарың, кетер емес,
Жүрсең дағы сен менен жырақ бүгін.
Сонда дағы сенімен бақыттымын,
Сонда дағы сенімен мұраттымын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері