Айтатын саған, арманым менің көп еді
Бұл бетте «Айтатын саған, арманым менің көп еді» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.01.2024
- 0
- 0
- 1209
Айтатын саған, арманым менің көп еді,
Тағдыр-ай, тағдыр, тілімді кесті, бөгеді.
Сарғайып барам, көңілім жасыл көк еді,
Көктемім болсаң, нөсерің қашан төгеді?
Сенбеуші едім үміт те сөнер дегенге,
Үмітім сөнсе сені іздеп мұнда келем бе?!
Сенбеуші едім сенім де семер дегенге,
Сенімім семсе сені іздеп мұнда келем бе?!
Амалым бар ма сенбеске енді, сендірдің,
Түңілмес деме, түңілттің, жерге төндірдің.
Қимасым едің, қиылып түстің, көндірдің,
Жанымның отын жақтың да өзің сөндірдің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі