Есіл-дертім өзіңе құлауменен
Бұл бетте «Есіл-дертім өзіңе құлауменен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.01.2024
- 0
- 0
- 1189
Есіл-дертім өзіңе құлауменен,
Бір сен деген бағымды сынауменен.
Сезім деген шырмалып бұғауменен,
Қырық тесік көңілімді құрауменен.
Абайсызда тұншығып ыстық жасқа,
Абай құсап өтем бе жылауменен?
Махаббатын өлеңмен өрнектеген,
Өрнекті өлең өріліп жер-көкпенен.
Тоғжанына Абай да шөлдеп келген,
Шөлдеп келем, мен ылғи сен деп келем.
Саған деген пәктігім – нәрестенің,
Пәктігіндей ең алғаш еңбектеген.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі