Бұл бетте «Қолымнан менің келсе егер» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.01.2024
- 0
- 0
- 1029
Қолымнан менің келсе егер,
Құс қанат тұлпар алдырып.
Күмістен ерді салдырып,
Күндіз-түн жортып талдырып.
Құсты да ұшқан қалдырып,
Жайықта шөлді қандырып,
Еділде еру шалдырып,
Жетер ем саған тұлпардың,
Жабдығын бір-ақ алдырып.
Қолыңнан сенің келсе егер,
Алпыс қыз нөкер алдырып.
Сәукеле басқа салдырып,
Саумалмен шөлін қандырып.
Ақ күмбез алпыс отауда,
Жағалай шырақ жандырып,
Отырмай белді талдырып,
Сен мені күтіп алар ең,
Естіген елді таң қылып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі