Асуын бердің Құлжаның – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Асуын бердің Құлжаның» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асуын бердің Құлжаның,
Ырғағын бердің Біржанның.
Пейілімді туа тарылтпай,
Пейілін бердің мырзаның,
Тағдырым, саған ризамын.
Ризамын саған, тағдырым,
Жоғалған емес қадірім.
Көрмедім жоқтық зәбірін,
Есімді біле ешкімнің
Естіген жоқпын әмірін.
Жүйрік те міндім қанатты,
Құлпыртып кидім жанатты.
Шалқумен талай таң атты
Тасқа да салдым тайсалмай,
Табиғат берген талантты.
Жорға да міндім теңселген,
Тіредім тауды еңсеммен.
Сұлу да құштым сүмбідей,
Сүмбіл шаш жонын көмкерген
Көргендер тілсіз өртенген.
Алғам жоқ көптің қарғысын,
Алғысын алдым, алғысын.
Арыма ақау түсірмей,
Асқақтай бергін, жан құсым
Жан құсым – жырым, мәңгісің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асуын бердің Құлжаның өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Асуын бердің Құлжаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асуын бердің Құлжаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асуын бердің Құлжаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері