Ит өлім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ит өлім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Рас болса өмірге адам боп келгенің,
Адам болып, адал өл, ит өліммен өлмегін.
Өлексеге таласқан бұралқы иттер секілді,
Ит өлімдер көбейді, жеңілген кім, жеңген кім?
Адам деген ат қайда, қайда адамдық мейірімің,
Қарақшылар қаптап жүр, қанды қолсың кейбірің.
Қара түнді жамылып, қару алып атылып,
Қара қанын ағызып бірін-бірі жейді кім?
Адамды, адам жеп жатыр албасты да, аң да емес,
Дүние үшін бәрі де ата кегім бар демес.
Қаптап кетті ел ішін өкінішті ит өлім,
Қаптап кетті ел ішін қарақшы топ, қанды егес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ит өлім өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ит өлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ит өлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ит өлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері