Артықпын демен өзгеден – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Артықпын демен өзгеден» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін де демен өзгеден,
Кем түссем туа жаман де.
Ақынмын алау жаны бар,
Күліп те жылап жүретін.
Жыласа, шындап жылайтын,
Бірақ та мені адам де.
Көлгірсіп сөйлеп беделге,
Басымды иіп шағынбан.
Кімге де болса ақаусыз,
Ақтарыламын ағымнан.
Басынар болса – қағынған,
Кешірім менен күтпесін.
Садаға кетем арымнан,
Ар қымбат – шыбын жанымнан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері