Шалма аяқтан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шалма аяқтан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шалма аяқтан, келсін шамаң, келмесін,
Көре алмау да – көңілі ояу ерге сын.
Артық кетіп, кем алдым деп күйінбе,
Аларыңды ап, береріңді бергесін.
Анығына жетсін көзің, жетпесін,
Сырттан даттап, өсек айтпа кеткесін.
Жігіттіктің жігіттігін көрсетер,
Кешірім ет, келсе алдыңа кектесің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері