Арудай ақ жамылып дала жатыр – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Арудай ақ жамылып дала жатыр» атты Жарылқасын Аманұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Арудай ақ жамылып дала жатыр,
Ай сырғып айдынынан бара жатыр.
Көлбеңдеп көз алдыма көп көлеңке,
Бірде алыс, бірде жақын салады асыр.
Естіген ертегіден перілер ме?
Жем еткен жолаушыны бөрілер ме?
О, сұмдық, үрейленсең өз-өзіңнен,
Қу бұта құбыжық боп көріне ме?
«Пендеңнің таусылған ба татар дәмі?» –
Көлеңкем күбірлейді қатардағы.
Айлы түн мені осылай сырға бөлер,
Бір жалғыз жан секілді жапандағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері