Бұл бетте «Сұрақ еді жанымды мазалаған» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұрақ еді жанымды мазалаған,
Жауабыңа қанықтым назалы адам.
Бір жаманның өлердей ұяты үшін,
Жан екенсің өзіңді жазалаған,
Көңіл кірін көз жаспен тазалаған.
Қадіріңді ол шіркін біледі ме?
Білсе, бұлай, әй қайдам, жүреді ме?
Топастықтың тоңына оранған ит,
«Қатырдым» деп әйтпесе күледі ме?
Қарауға да болмайды түр-өңіне.
Назаланба, азамат, назаланба,
Назаң ауыр, мен оны жаза алам ба?
«Кездеспедім, қайтейін, – деп жылайсың, –
Ар-намысы басында таза адамға».
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі