Жан қадірін білдірмеген жастық-ай – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жан қадірін білдірмеген жастық-ай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жан қадірін білдірмеген жастық-ай,
Ар қадірін білдірмеген мастық-ай.
Адамдардың, мынау қысқа ғұмырда,
Өзіне-өзі жасап жүрген қастығы-ай.
Жан қадірін жүре-жүре сезіндік,
Сезіндік те көп нәрседен безіндік.
Ар дегенің – асқаралы тау екен,
Асқар тауға аспан керек өзіндік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері