Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де,
Түзу бірақ жүрмейтін адамдар бар әлі де.
Біреулері біреуді құлатуға құмартса,
Құлағанды біреуі итереді әріге.
Өмір заңы деп мұны ойламайтын, адамдар,
Кездеседі қайда да жауыз, топас, надандар.
Күліп келіп үйіңе, күңіреніп кететін,
Арамдар да аз емес, оларға не амал бар?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері