Өзімді өзім ұқпадым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзімді өзім ұқпадым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзімді өзім ұқпадым,
Діттеген жерден шықпадым.
Құлаштар кезде құлшына,
Құлдилап құзға ықтадым
Құрыдым деп бұқпадым.
Даңғылдан түсіп соқпаққа,
Торықтым талай тоқтап та.
Күндеді, күлді дұшпаным,
Қадалды сөзі оқ боп та,
Кете жаздадым жоқ боп та.
Ар-намыс үшін жан құрбан,
Арыдым, астым сан қырдан.
Арып бір жүрген шақтарда,
Жоқ екен мұңды жалғыздан.
Жебеушім-жырым сен ғана –
Ерінге су да тамызған,
Тұншықсам, тыныс алғызған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері