Шаршаттым білем – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шаршаттым білем» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шаршаттым білем, шақырусыз келген қонақтай,
Қабағың шытпа, жіберсең, жібер, жолатпай.
Басымды мен де иілмес жерде иіппін,
Жігіттік қайда, жігіттік қайда болаттай?
Санама мұны ездік пен кіріптарлыққа,
Көнбейтін жан жоқ тағдырдан келген жарлыққа.
Ұғысып тілсіз жарасып еді көңіліміз,
Су бүріккен таба секілді суып қалдық па?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері