Әркімнің көңілі өзіне патша деген – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Әркімнің көңілі өзіне патша деген» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әркімнің көңілі өзіне патша деген,
Басынба, байқап сөйлес басқаменен.
Кісімсіп кеуде қаққан біз кінәлі,
Біреулер қашса сенен, қашса менен.
Көрсетпе көкіректік көрінгенге,
Көптен, біз не табамыз бөлінгенде?
Кірерге жерден тесік таба алмаспыз,
Абырой айрандай боп төгілгенде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері