Балам, құмар бола көрме ащыға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Балам, құмар бола көрме ащыға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Балам, құмар бола көрме ащыға,
«Ащы» қазір дүниеде тапшы ма?
«Арманы көп ақын» дейді сені жұрт,
Арманы жоқ ақын болу жақсы ма?
Арманы аздың аздау болар қайғысы,
Қайғысыз-ақ болмадың ба жай кісі?
Өлең кітап шығармай-ақ өзгенің,
Жатқан жоқ па озып келіп бәйгесі.
Мұқағали қандай еді кешегі,
Аты аталса, жыр самалы еседі.
Ақындардың Алпамысын көргендер,
«Арманшылдау еді марқұм» деседі.
Арман, дарын шараппенен қосылып,
Кетсе, балам, мерт етеді, осыны ұқ.
Мұқағали бола алмайсың оп-оңай,
Ал армансыз ақын болу – бос үміт.
Әлін білу, жолын білу – естілік,
Өкінбегін, балам, есің кеш кіріп.
«Өкінішті» деген Мұқағалидың
Сөзі тұр ғой бәрімізге естіліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балам, құмар бола көрме ащыға өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Балам, құмар бола көрме ащыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балам, құмар бола көрме ащыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балам, құмар бола көрме ащыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері