Мейлі, мені өздеріңнен төмен көр – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мейлі, мені өздеріңнен төмен көр» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мейлі, мені өздеріңнен төмен көр,
Бұл сөзімді, бірақ бекер демеңдер.
Ұрпақ үшін біздер жүрген мына жол –
Жер бетіне жазып кеткен өлеңдер.
Жақсы жырдай жақсы жолың қала ма?
Осыны ойла, зерек іні, жан аға.
Ұрпақ сыны – әділетті, соңғы сын,
Солар қояр бізге соңғы баға да.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері