Сонау бір, сонау келер замандарда
Бұл бетте «Сонау бір, сонау келер замандарда» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сонау бір, сонау келер замандарда,
Ақыл-ой, асып-тасып адамдарда.
Болмастан сараңдар да, надандар да,
Жағымсыз, жарты ауыз сөз таппас ешкім,
Бір-бірін сырттан даттап жамандарға.
Сонау бір, сонау келер замандарда,
Мейірім асып-тасып адамдарда.
Болмастан мансапқор да, амалдар да,
Жамандық, жауыздықтан жұрнақ қалмай,
Жатады шірінді боп табандарда.
Сонау бір, сонау келер замандарда,
Күні өшіп күншілдіктің адамдарда.
Деместен «маған бүркіт, саған қарға»,
Болмайды, жүйріктердің жолын кесіп,
Жармасар шылауына шабандар да.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі