Бұл бетте «Дүниенің жыртығы бір жамалар» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Тек мен емес, солай деген даналар.
«Бақытсызбын» деп айтпағын, бауырым,
Бақ құсы да сені бір күн сағалар.
Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Күйсіз – байып, үйсіз – бір күн там алар.
Жыртылмасын, бір жыртылса жүрегің,
Бүтінделмей, өмір бақи қан ағар.
Бүтінделер бірте-бірте кем-кетік,
Тізгін ұстар жетімдер де ер жетіп.
Сағым жортқан сахараға шық тамбас,
Сәті түссе, өтер нөсер селдетіп.
Жаси берме, жыртылмасың жүрегің,
Жүрегіңнің бүтіндігін тілегін.
Бірер күнгі сәтсіздікке шыдамай,
Қарағым-ай, сонша неге жүдедің?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі