Телініп әлі балаға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Телініп әлі балаға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Телініп әлі балаға,
Теңеле алмай ағаға.
Жылжумен салым сағаға,
Жақындап келем жағаға.
Сөз етіп уақ-түйекті,
Уақыт өтіп бара ма?
Көтеріп босқа иекті,
Жүрмін бе қорлап сүйекті?
Босатып құлақ-тиекті,
Тартылмай қанша күй өтті.
«Пендеміз» дейміз, қайтеміз,
Пенделік бастан жиі өтті.
Жүйрік пен білмей шабанды,
Жақсы мен білмей жаманды.
Жомарт пен білмей сараңды,
Сарсаң ғып талай адамды.
Қоян боп жүріп қорлаппын,
Арыстан жалды бабамды...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері