Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес,
Ойлардың да ойлары бар жемісті.
Той дегеннің бәрі бірдей той емес,
Тойлардың да тойлары бар келісті.
Тұяқтының бәрі бірдей тұлпар ма?
Тұлпарды да таны мыңның іщінен.
Қанаттының бәрі бірдей сұнқар ма,
Сұнқарды да айыра біл түсінен.
Жігіттердің бәрі бірдей демегін,
Жігіттер бар өткірлігі алдаспан.
Тас біткеннің бәрі бірдей демегін,
Кейбір тасың берік тіпті алмастан.
Бір тәуліктің күндізі бар, түні бар,
Түні болмай, күні оның шықпайды.
Мінсіз деген нәрсенің де міні бар,
Кейбір жандар осыны да ұқпайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері