Табиғат - болмыс күшімен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Табиғат - болмыс күшімен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Табиғат-болмыс күшімен,
Ұшқын боп жерге түсіп ем.
Жарқылдап жандым өзгеше,
Жарықтың сансыз ішінен.
Дән де боп жерге шашылдым,
Жүзімді аз күн жасырдым.
Көгеріп өніп көктемде,
Нұрымен күннің ашылдым.
Сені, өмір, отқа теңесем,
Ұшқының болып кеңесем.
Дария болсаң, бұлақпын,
Тартылып қалам деме сен.
Шырпыдай жағып жаңқаны,
Кептірсе аптап аңқаны.
Нөсер боп селдеп құяр ем,
Қанардай егіс алқабы.
Ақ дәнің пісіп жетіліп,
Самалдай шаттық есіліп.
Еңбегі жанған егіншің,
Бой жазар еді көсіліп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері