Ер болып туып анадан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ер болып туып анадан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ер болып туып анадан,
Ездік еткен жігіт пе?
Жауға сілтер семсерін,
Кездік еткен жігіт пе?
Қадірлеген халықпыз,
Ерлік пенен мәрттікті.
Жоғалтпаған мәрттігін,
Жағы түскен қарт тіпті.
Жақсылыққа жақсылық,
Жасамаған жігіт пе?
Дос арасын ащы ғып,
Тасаланған жігіт пе?
Екі сөйлеп көрмеген,
Өнегелі халықпыз.
Қолдан намыс бермеген,
Ер ісіне қанықпыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері