Жанымның жазып дайым құрыстарын

Бұл бетте «Жанымның жазып дайым құрыстарын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанымның жазып дайым құрыстарын,
Сенімен, домбыра, тыныстадым.
Көтеріп көңілімді көкке менің,
Жалғыз сен – жастайымнан ұғысқаным.
Жасымнан өзің едің ұғысқаным,
Шертуге күн ұстармын, түн ұстармын.
Елжіреп ет-бауырым тыңдайыншы,
Қос ішек, мұңды перне дыбыстарын.
Шарлайын айдынымды, шалдығайын,
Қарымды жүзе-жүзе талдырайын.
Мен саған екі келіп еркелемен,
Еркелет, шөлімді бір қандырайын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері