Бұл бетте «Сеземін салқын рай жүзіңнен де» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сеземін салқын рай жүзіңнен де,
Тумаған көктемің боп күзің мен бе?
Аяулым, айлық жерден ләззат берген,
Жүректің антенасы үзілген бе?
...Мен өскен бастың жердің топырағын,
Қарашы, бел-бел қызыл шоқыларын.
Өзіңді қиялыммен жарға балап,
Бір кезде сол белдерге отырғанмын.
Балалық уыз сезім арманым-ай,
Алданып арманыма қалғаным-ай.
Көрініп жұлдызы ыстық сары қыздың,
Деп пе едім «жара салар жанға бұлай».
Жүректі жылдар өтті жүгендеумен,
(Өртеніп өтер бәлкім кілең кеудем).
Қош болғын, бір шаңырақ астында енді,
Үміт жоқ, бірге өмір сүрем деумен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі