Төгіліп, төсек болып жапырағың – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Төгіліп, төсек болып жапырағың» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төгіліп, төсек болып жапырағың,
Сөгіліп көкірегің, атырабың.
Күз келіп, құба белмен құс жолында,
Үзілмей күндіз-түні жатыр әнің.
Өз сәні, өз әнімен күз де кетер,
Шағады құстар мұңын бізге бекер.
Баласын ұмытпайды ана-дала,
Баласы дала-анасын іздеп өтер.
Көл де анау ауық-ауық аһ ұрады,
Толқынын толқын қуып сапырады.
Құс болып көлге енді қонып жатыр,
Күзелген бау-бақшаның жапырағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері