Түрім де барады ескіріп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Түрім де барады ескіріп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түрім де барады ескіріп,
Күнім де барады кешкіріп.
Үгумен, мүжумен келеді,
Өмірдің толқыны төске ұрып.
Толқындар тоқтаусыз толқиды,
Шыбын жан шабақтай шоршиды.
Қанша рет көретін жарығым,
Қаншама қалды екен жол қилы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері