Елі үшін жан кешкен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Елі үшін жан кешкен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Елі үшін жан кешкен,
Ерде де арман бар ма екен?
Жері үшін қан кешкен,
Елде де арман бар ма екен?
Төсінде еркін төлі өскен,
Жерде де арман бар ма екен?
Арда еміп те өскен,
Төлде де арман бар ма екен?
Жусан иісі желі ескен,
Белде де арман бар ма екен?
Батыр болып туған ұл,
Сенде де арман бар ма екен?
Ақын болып туған ұл,
Менде де арман бар ма екен?
Құланы ішер қағы бар,
Шөлде де арман бар ма екен?
Аққуы іздеп сағынар,
Көлде де арман бар ма екен?
Асып та тасып ағылар,
Селде де арман бар ма екен?
Аппақ қардай ары бар,
Пендеде арман бар ма екен?
«Құдайы» жоқ табынар,
Батыр болып туған ұл,
Сен де арман бар ма екен?
Ақын болып туған ұл,
Мен де арман бар ма екен?
Нұрынан жер балқыған,
Күнде де арман бар ма екен?
Көгінде айы қалқыған,
Түнде де арман бар ма екен?
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлде де арман бар ма екен?
Аумас сазды қалпынан,
Үнде де арман бар ма екен?
Бүкпесі жоқ халқынан,
Тілде де арман бар ма екен?
Батыр болып туған ұл,
Сен де арман бар ма екен?
Ақын болып туған ұл,
Мен де де арман бар ма екен?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері