Құт-береке кеткен жоқ – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Құт-береке кеткен жоқ» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Құт-береке кеткен жоқ есігімнен,
Қонақ келер өзінің несібімен.
Сарандық та, «надандық», – дейтін әкем,
Опық жеген аз емес кесірінен.
Барың болса қонақтан аямағын,
Жалғыз жеген ас болмас жая-жалың.
Адам күні адаммен, көпті көріп,
Көп білгеннен көгерер сая бағың.
Сараңдығы құрысын, сараңдығы,
Шығармағын есіңнен, балам, мұны.
Адам пейілі күннен де жарығырақ,
Жарқ еткізер күн түспес қараңғыны.
Пейілде ғой бәрі де берекенің,
Шөл етемін десең де, көл етемін.
«Малымды алсаң ал құдай, пейілімді алма»,
Деген қазақ ұмытпа ел екенін.
Әке сөзі жадымнан кетер емес,
Мұнда не бар түсінбей етер егес.
Қанша сақы өзімді санасам да,
Қарт пейіліне пейілім жетер емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құт-береке кеткен жоқ өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Құт-береке кеткен жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құт-береке кеткен жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құт-береке кеткен жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері